Skip to content

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Факультет туралы

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын университеттің оқу, тәрбие, ғылыми-зерттеу және әкімшілік бөлімшесі.

Бай тарихы, заманауи білім беру технологиялары және студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін үлкен шығармашылық мүмкіндіктер ашатын ғылыми базасы бар факультет.

Факультеттің мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеуге қабілетті жоғары білімді, білікті мамандарды дайындау.

Факультет 12 жоғары білім беру бағдарламасы және жоғары оқу орнынан кейінгі 7 магистратура және 5 докторантура бағдарламасы бойынша кадрлар дайындайды.

Факультет Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Германия және басқа елдердің ғылыми ұйымдарымен, мекемелерімен, агроөнеркәсіптік фирмаларымен және өндірістік кооперативтерімен тығыз ғылыми-өндірістік байланыста.

Ауыл шаруашылығы адам өмірінің материалдық негізі, өйткені азық-түлік өнімдерін өндіру қоғамымыздың негізгі міндеттерін жүзеге асырудың маңызды саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы ғылымдар факультетінің ұжымы ұсынылып отырған оқыту бағыттарының тізімі және олардың сипаттамалары талапкерлерге өз мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі деп шын жүректен үміттенеді.