Skip to content

Биология, экология және химия кафедрасы

Соц.сети
Зертханалар

Оқу процесін сапалы қамтамасыз ету үшін кафедрада практикалық, зертханалық, ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды орындауға қажетті заманауи құралдармен және жабдықтармен жабдықталған оқу және ғылыми зертханалары бар.

Кафедраның оқу үрдісінде Топырақтану, экология,география және картография, Геология және жалпы жертану оқу зертханалары, арнайы аудиториялар қолданылады. Магистрлік диссертацияларды орындау үшін инновациялық білім беру орталығының, Смарт-орталықтың, энтомологиялық мұражайдың ғылыми зертханаларын пайдалану мүмкіндігі бар.

Университетте жинақталған академиялық білімнің байлығын жеткізу және қоршаған ортаға байланысты іс-шараларға көпшілікті тарту үшін экология және география кафедрасының негізінде тұрақты даму мүддесінде өмір бойы оқыту орталығынемесе Эразмус+бағдарламасыныңSusdevжобасының нәтижесіретінде Жасыл орталық құрылды.