Skip to content

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттік белсенділері

Студенттік белсенділер көшбасшысы

Сәтбаева Үміт Темержанқызы

ҚӨУ-дің ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеттінің белсенділері — бұл білім беру саласында табысты түрде дамып қана қоймай, университет өміріне белсенді араласып жүрген бастамашыл, шығармашыл және талантты студенттер тобы. Бұл қауымдастық — факультет өмірін жарқын әрі қызықты етуге ұмтылатын шығармашыл және ұйымшыл жандардың ошағы.

Белсенділердің мақсаттары мен міндеттері:

  • Студенттердің шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта құру.
  • Университет, аймақтық және республикалық деңгейде факультетту таныстыра алатын ұйымшыл команда құру.
  • Коммуникациялық дағдыларды дамыту, факультет дәстүрлерін нығайту және жаңа қатысушыларды тарту.
  • Студенттердің идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Белсенділер қатысатын іс-шаралар:

  • "Армысыз, бұл біз!" – Бірінші курс студенттерінің фестивалі: Бұл бірінші курс студенттері үшін маңызды шаралардың бірі. Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеттінің белсенділері жаңадан келген белсенділерге бейімделуге көмектесіп, шығармашылығын қолдау атмосферасын қалыптастырады.
  • "ҚӨУ КВН лигасы": Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеттінің университет сахнасында жарқыраған "Оба-на" КВН командасымен мақтанады. Олардың қойылымдары әрдайым әзілге, креативке және позитив энергияға толы.
  • "Екі жұлдыз": Бұл шығармашылық байқауда біздің белсенділер түрлі қырынан танылады. Соңғы маусымдардың бірінде біздің факультеттің оқытушыларв мен студенттеиі керемет дуэт орындап, ал белсенділер сахна артында хореографиялық қойылыммен әсерлі шоу жасады.

Белсенділер дәстүрлері мен ерекшеліктері:

  • Бірінші курс студенттеріне қолдау көрсету: Үлкен буын белсенділері жаңадан келгендерге студенттік өмірге бейімделуге көмектесіп, олардың тәлімгері және досы болады.
  • Жыл сайынғы шығармашылық кештер: Концерттер, ойындар және мерекелер ұйымдастырылады, онда белсенділер өз таланттарын ашады.
  • Ұйымшыл команда: Біздің белсенділер — бұл тек студенттер тобы емес, бұл әрбірі қолдау мен қамқорлықты сезінетін нағыз отбасы.
  • Креативті көзқарас: Белсенділердің әрбір қойылымы жарықтылығымен, даралығымен және шығармашылықтығымен ерекшеленеді, мейлі ол байқау немесе қарапайым шара болсын.

Болашақ мақсаттарымыз:

  • Қатысушылар санын көбейту және жаңа таланттарды тарту.
  • Республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысу.
  • Экологиялық және әлеуметтік жобаларды қамтитын жаңа бағыттарды дамыту.
  • Ортақ бастамаларды іске асыру үшін университеттің басқа белсенділерімен байланыстарды нығайту.

Біздің белсенділер студенттік өмір тек оқу ғана емес, сонымен қатар жарқын сәттер, достық, даму және қойылған мақсаттарға қол жеткізу екенін дәлелдейді.

Егер сіз біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе, бізге қосылыңыз!
Бірге жеңіске қол жеткізе аламыз!