В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Институт туралы

Валентин Иванович Двуреченский - Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Кеңес және Қазақстан ірі  мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық саласындағы  алғашқы министрі.

Ол Липецк маңындағы Большая Алексеевка ауылында дүниеге келген. Сол жерде И.В. Мичурин атындағы Жеміс-Көкөніс институтында ғалым-агроном мамандығы бойынша  оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін, 1962 жылы оны жолдама бойынша, болашақ ғалымның еңбек жолы басталған Қостанай облысына жіберді.

Біздің өңірде ол – әр  түрлі уақытта түрлі лауазымдарды атқарды. Кеңес Одағында ең ірі саналған Әулиекөл ауданы "Раздольный" және Науырзум ауданындағы "Буревестник" совхоздарының бас агрономы қызметін атқарады. Кейін "Шевченковский" кеңшарының директоры болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Урицк аудандық комитеті, обкомның және ҚазКСР Компартиясы ОК хатшысы болып жұмыс істеді. 1990 жылы Қазақстанның бірінші ауыл шаруашылығы министрі, ал 1992 жылдан бастап Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ директоры қызметін атқарды. Валентин Иванович біздің университетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыла еңбек етті. 2003 жылдан бастап А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Двуреченский В.И. - 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, ол 2 кітап және 1 нұсқаулық жазды. Сонымен қатар, Валентин Иванович ауыл шаруашылығы саласындағы ашқан жаңалықтары бойынша 4 патенттің иегері.

Марапаттар:

  • Қазақстанның Еңбек Ері (11.11.2011)
  • Ленин Ордені (1976),
  • Еңбек Қызыл Ту ордені (үш мәрте),
  • «Құрмет Белгісі» Ордені,
  • «Отан» Ордені (1999),
  • «Парасат» Ордені (2005),
  • «Тыңға 50 жыл» медалі,
  • «Россельхозакадемияға 40 жыл 1969-2009» медалі (2010),
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы.
  • ҚР еңбек сіңірген агрономы