Құрметті достар, біз сіздерді В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылық институтының ветеринариялық медицина кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!

Ветеринария маманы – бұл атақ!
Ветеринар мамандығы жан-жақты және жауапты, сонымен бірге, ең асыл, маңызды мамандықтардың бірі.
Мұнда кездейсоқ адамдар болмайды, сондықтан атақ керек. Жануарларға деген шексіз сүйіспеншілік – адамдардың осы қызмет саласын таңдауының басты себебі болып отыр
Жер бетіндегі ең күрделі мамандықтардың бірі болып саналатын мамандықты тағайындаудың ең терең мәні бар - ветеринария қызметкерлері өздерінің күнделікті еңбегімен жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы, оларды өңдеу және сақтау ережелері қадағалай отыра жануарлар және адам денсаулығын сақтауды, оларды қауіпті аурулардан қорғауды, ауруларды бақылауды қамтамасыз ете отыра – барлық осы жұмыс ерекше жауапкершілікті талап етеді.
Жануарлармен байланысты жұмыстар бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда ветеринария немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама бойынша мамандар қажет етіледі:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің шаруашылық субъектілерінің барлық түрлерінде;
 - мемлекеттік қызметте облыстық, аудандық, аумақтық басқармалардың ветеринариялық инспекторлары; жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары; ветеринария жөніндегі ветеринарлық комитет; ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ветеринарлық мамандары;
 - ветеринарлық клиникаларда, дәріханаларда, үй жануарлары дүкендерінде;
 - фермаларда;
 - зертханалар мен ғылыми-зерттеу институттарында;
 - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары);
 - питомниктерде;
 - хайуанаттар бағында;
 - циркте;
 - санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда немесе тамақ өнімдерін бақылау станцияларында;
 - қызметтік ит өсіру клубтарында;
 - жылқы зауыттарында, ипподромдарда;
 - жемшөп кәсіпорындарында;
 
Университетте білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау үш деңгейлі: бакалавр – магистр – PhD докторы, оқытудың кредиттік технологиясы. Мамандарды оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мемлекет Ветеринария бағдарламасы бойынша көптеген гранттар бөлуде. Ауылдық квота қарастырылған.
Оқу мерзімі :
- «Ветеринария» оқу бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде оқу мерзімі – 5 жыл.
 - ТжКБ базасында колледжді бітірген түлектер қабылданады – оқу мерзімі 3 жыл, күндізгі бөлім.
 
Тәжірибелік оқыту Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ауыл шаруашылық құрылымдарында жүзеге асырылады.
Ветеринария кафедрасында ветеринарлық клиника жұмыс жасайды.
Қабылдау үшін:
- ҰБТ бойынша профильдік пәндер: Биология және химия
 - Өту ұпайы: 50
 
				