Құрметті талапкер, ветеринариялық санитария кафедрасының парақшасына қош келдіңіздер!
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұлт денсаулығын сақтауға қабілетті, жоғары білікті мамандарға мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру Ветеринариялық санитария кафедрасының басты мақсаты болып табылады.
Мамандыққа сұраныс
Біздің мамандар мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемелерде, ірі ауылшаруашылық холдингтарында және сауда желілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында сұранысқа ие.
Негізгі жұмыс беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті. Облыстық билік құрылымдары жанындағы ветеринария басқармалары мен бөлімдері, мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың түрлі бөлімшелері бар, онда ветеринариялық санитария мамандары жұмысқа орналаса алады.
Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің жанында ведомстволық ветеринариялық-санитариялық қызметтер бар, онда біздің мамандығымыз бойынша жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналаса алады. Ветеринариялық-санитарлық жағдай мемлекеттің мұқият бақылауында және осы саладағы мамандар әрдайым сұранысқа ие болатынын айта кеткен жөн.
Ветеринариялық-санитариялық дәрігердің негізгі кәсіби міндеті - ведомстволық бағынысты аумақта биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Соның ішінде, кез-келген жануар немесе өсімдік өнімдерінің сапасын бақылау, қажетті санитарлық талаптарды, стандарттар мен нормаларды сақтауды қадағалау жатады.
Қазіргі әлемде азық-түлік, әртүрлі биологиялық материалдар мен өнімдердің үлкен айналымына байланысты бұл мамандық қоғамның қауіпсіздігі үшін үлкен маңызға ие. Ветеринариялық-санитариялық дәрігер тамақ өнімдерін өңдеудің барлық кезеңдерінде – өндіру, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, өткізу, кәдеге жарату - қажетті қауіпсіздік нормаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Кафедрада үш білім деңгейі бар: бакалавриат, магистратура және докторантура. Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
2023 жылы ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының "Атамекен" рейтингінің қорытындысы бойынша біздің білім беру бағдарламамыз бірінші орынға ие болды!
Қабылдау үшін:
- ҰБТ-ның бейіндік пәндері:: Биология және Химия
- Өту баллы: 50
Біліктілік және мансаптық перспективалар:
- тамақтану гигиенасы бөлімінің маманы;
- санитарлық-гигиеналық зерттеулер маманы;
- ветеринариялық-санитариялық дәрігер (эксперт);
- дәрігер (бактериолог);
- дәрігер (вирусолог);
- дәрігер (токсиколог);
- ветеринариялық-санитариялық инспектор;
- ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
- оқу орындарының оқытушысы, ғылыми қызметкері.
Құрметті талапкерлер, Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, біз сізді күтеміз:
Қостанай қ., Наурыз шағынауданы, Маяковский көшесі, 99/1, №4 ғимарат
Телефон: 8 (7142) 53-78-76, 54-28-49
WhatsApp: 8-776-828-47-47, 8-775- 435- 39 -39
Instagram: kafedra_vet_sanitarii