Skip to content

Агрономия кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Культаева Динара Сабитовна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің Лауазымы
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Академиялық дәрежесі
kafedra_agronomy@ksu.edu.kz Электрондық пошта

Агрономия кафедрасы өзінің қазіргі атауын 2006 жылы алды. Бұған дейін ол Өсімдік шаруашылығы және биология кафедрасы деп аталған, ал одан бұрын — 1971 жылы құрылған Өсімдік шаруашылығы және селекция кафедрасы болған.

Бүгінгі таңда кафедраның филиалдары «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС және «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында жұмыс істейді. Бұл филиалдар кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру мен өткізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру курстарын жүргізуге, сондай-ақ көшпелі сабақтар өткізуге белсенді түрде атсалысады.

Кафедрада оқу үдерісі үш деңгейде жүзеге асырылады: бакалавриат, магистратура және докторантура. Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Барлық оқу пәндері заманауи оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген.

Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары кәсіби және жалпы мәдени ХХІ ғасыр құзыреттерін қалыптастыратын пәндерді қамтиды. Студенттер, магистранттар мен докторанттар өз саласы бойынша өзекті білім алып, аналитикалық және зерттеушілік ойлау қабілеттерін, тілдік және коммуникациялық дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін, инновациялық ойлау мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру және кәсіби дамуға бейімділіктерін дамытады.

Өндірістік тәжірибе кафедра базасындағы келесі кәсіпорындарда өткізіледі:

  • «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
  • «Олжа Агро» ЖШС
  • «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС
  • «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
  • «Астана-Нан» ЖШС
  • «Шандыколь» ЖШС
  • «Тұрар» ЖШС
  • «Тұқым» ЖШС

Кафедраның оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып, ұлттық және халықаралық ғылыми жобаларға, гранттарға және академиялық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысады. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары – тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту, топырақ құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жақсарту және инновациялық агротехнологияларды енгізу болып табылады.

Кафедра жүзеге асырып жатқан ең маңызды жобалар

Халықаралық жобалар:

  • 2015-2018 жж. ЕСАР жобасы «Орталық Азия университеттерінің аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және жерді пайдалану саласындағы құзыреттерін дамыту» (жоба үйлестірушісі).
  • 2015-2018 жж. SARUD жобасы «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» (жоба үйлестірушісі).
  • 2019-2021 жж. Erasmus+ бағдарламасының халықаралық жобасы «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауыл шаруашылығы жүйелері бойынша аспирантуралық зерттеулерді жетілдіру» (жоба жетекшісі және жұмыс тобының мүшесі).
  • 2025-2027 жж. ҚР ҒЖБМ жобасы «Жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында бұршақ-астық дақылдарын өсірудің ұтымды әдістері» (жоба жетекшісі).
  • 2025 ж. GreenAgro алдын ала жобасы (Германия, Штутгарт қ., Хоэнхайм университетімен бірлескен, жоба үйлестірушісі).

Ұлттық жобалар:

  • 599371-EPP-1-2018-1-KZ-EPPJMO-MODULE «Еуропалық Одақтың агробизнес менеджменті тәжірибесін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне трансформациялау» халықаралық жобасына қатысу.
  • «Қашықтықтан зондтау деректерін далалық дешифрлеу және жер үсті далалық зерттеулерін жүргізу қызметтері» жобасы.
  • ҚР ҒЖБМ гранты «Дәнді дақылдардың фузариоз ауруын диагностикалауға арналған ДНҚ-маркерлер негізіндегі жоғары сезімтал және спецификалық экспресс-тесттерді әзірлеу».
  • «Жас Ғалым» бағдарламасы аясындағы жас ғалымдарға арналған гранттық жоба AP19177533 «Қазақстанның солтүстік өңіріндегі деградацияға ұшыраған жайылымдарда ұзақ мерзімді поливидті агрофитоценоздардың бейімделуі» (2023–2025 жж.).

Кафедра жұмыс берушілермен тұрақты кездесулер өткізіп, білім беру бағдарламаларына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды. Ынтымақтастық түрлері ретінде дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар, біліктілікті арттыру курстары және бірлескен ғылыми жарияланымдар жүзеге асырылады.

Кафедра келесі ұйымдармен ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасасқан:

  • Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Түмен қ.)
  • Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Новосибирск қ.)
  • ФГБОУ ВО «Арктикалық мемлекеттік агротехнологиялық университеті» (Ресей, Якутск қ.)
  • Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (NWAFU, ҚХР)

NWAFU (Қытай) университетімен бірлесіп магистранттарға арналған қос диплом бағдарламасы іске асырылуда.

Кафедраға жақын және алыс шетелдерден ғалымдар тұрақты түрде шақырылып, дәрістер, шеберлік сыныптар мен кеңестер өткізеді.

Кафедра түлектері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның құрылымдарында, жер қатынастары бөлімдерінде, әкімдіктерде, ірі агрохимиялық компанияларда, ғылыми-зерттеу институттарында, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау зертханаларында, кеден бекеттерінде инспекторлар ретінде, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждерде оқытушы болып табысты еңбек етуде. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Кафедраның Instagram парақшасы: @agro_kru