В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Кафедра туралы
Екатеринская Екатерина Михайловна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м.а., Лауазымы
PhD докторы Ғылыми дәрежесі
katjazul83@mail.ru Электрондық пошта

Агрономия кафедрасы қазіргі атауын 2006 жылы алды. Бұрын ол өсімдік шаруашылығы және биология кафедрасы болды, ал алдында - өсімдік шаруашылығы және селекция кафедрасы деп аталды.

Өсімдік шаруашылығы және селекция кафедрасы 1971 жылы құрылды. Кафедраны әр жылдары: а.ш.ғ.к., доцент Бородкин И.С. (1971-1986 жж.), а.ш.ғ.к., доцент Распутин В.М. (1987-1993 жж.), а.ш.ғ.к., профессор Ахмет А.З. (1994-2006 жж.), а.ш.ғ.к., доцент Нұғманов А.Б. ( 2006-2008 жж.), а.ш.ғ.к., доцент Хамзин М.С. (2009ж..), а.ш.ғ.к., Баимбаев Б.Ж. (2009-2011жж.), а.ш.ғ.к. Н.Е. Калимов (2011-2012жж.) және а.ш.ғ.к. Б.К. Дюсебаев (2012 - 2013жж.), М.П. Шилов (2015жж.), П.Ф. Касьянов (2016-2017жж.), Карасева В.М. (2018-2020жж), қазіргі уақытта Екатеринская Е.М. басқарады.

Агрономия кафедрасының филиалдары «Заречный АШТС» және «Қарабалық АШТС» жұмыс істейді. Филиалдар кафедраға ғылыми-зерттеу жұмыстарына, оқу және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруға және өткізуге, ПОҚ біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға және көшпелі сабақтарды өткізуге жәрдемдеседі.

Кафедра өсімдік шаруашылығы, селекция және тұқым шаруашылығы, жемшөп өндірісі, өсімдіктерді қорғау, өсімдік шаруашылығы, өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиялары бойынша зертханалық аудиториялармен жабдықталған.

Тәжірибе түрлері мен базалары
  • «АШҒЗИ  Заречное» ЖШС,
  • «Қарабалық АШҒЗИ»  ЖШС,
  • «Олжа Агро» ЖШС
Тағылымдамалар базасы:
  • Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Белгород қ.),
  • Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті (Новосибирск қ.),
  • Самара мемлекеттік аграрлық университеті (Самара қ.),
  • В.С. Пустовойт атындағы бүкілресейлік майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институты (Краснодар қ.).