Балабаев Булат Кабланович
Аға оқытушы Лауазымы
Биология ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
Білім
- 2000-2005 жж. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – 050140 «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша үздік дипломмен «Ветеринарлық дәрігер» біліктілігі берілді.
- 2012-2014 жж. Орал мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы – 111900 «Ветеринарлық-санитарлық сараптама» мамандығы бойынша үздік дипломмен магистр дәрежесін алдым.
- 2017 ж. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша ветеринария ғылымдарының магистрі академиялық дәрежем расталды.
- 2014-2018 жж. Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті – 03.03.01 «Физиология» мамандығы бойынша аспирантура. Оқытушы-зерттеуші.
- 2021 ж. Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
- 2022 ж. ҚР БҒМ Болон процессі және академиялық ұтқырлығы орталығы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежем расталды.
Оқытылатын пәндер
- Қазақстанда ұсақ үй жануарларын ұстау және ұстаудың құқықтық аспектілері
- Жануарларды сойып-ашу
- Ветеринариялық фармакология және токсикология
- Ветеринарлық хирургия
- Жануарлардың сирек және экзотикалық (трансшекаралық) инвазиялық аурулары
Жұмыс тәжірибесі
- 2005-2006 жж. «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ стенографист-хатшысы, жетекші маманы.
- 2006-2007 жж. «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маман.
- 2007 ж. «Қостанай облысының ауылшаруашылық департаменті» ММ жетекші маманы.
- 2007-2010 жж. «Қарасу ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ «Қарасу өңірі» ШЖҚ МКК аудандық газетінің бас редакторы.
- 2011 ж. «НұрОтан» ХДП Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
- 2012-2017 жж. «ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертханасы» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалының «Меңдіқара аудандық ветеринарлық зертханасының» зерткері, ветеринарлық-санитарлық сараптама дәрігері, бактериолог-дәрігері, зертхана меңгерушісі.
- 2017-2025 жж. Қостанай облысы білім басқармасы «Қостанай ауылшаруашылық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы, бөлім меңгерушісі.
- 2025 жылдан бастап «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ аға оқытушысы.
Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктер/сертификаттар
- ҚР «Ұлттық тестілеу орталығы», Астана қ. «Педагогикалық өлшеу әдістемесінің негіздері», бағдарлама көлемі – 36 сағат, 2023 ж. Қараша.
- «ИНТУИТ» ұлттық ашық университеті, РФ, Мәскеу қ. «Экология», бағдарлама көлемі – 72 сағат, 2025 ж. тамыз-қыркүйек.
- «Әлем» педагогикалық инновациялар орталығы» ЖШС, Астана қ. «Жасанды интеллект мұғалімнің шабыты мен шығармашылығының құралы ретінде», бағдарлама көлемі – 80 сағат, 2025 ж. наурыз-сәуір.
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Астана қ. «ЖИ-мен білім беру процесі: генеративті модульдер және промт-инжиниринг өнері» бағдарлама көлемі – 72 сағат, 2025 ж. қыркүйек.
- «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ, Қостанай қ. «Жануарлардың протозой ауруларын диагностикалау мен фармакотерапияның заманауи хаттамалары» бағдарлама көлемі – 72 сағат, 2025 ж. қыркүйек.
Жарияланымдар
- Дерхо М.А. Емізу кезеңінде қазақтың ақбас сиырларының ағзасындағы май алмасуының және оның тиреоидты реттелуінің ерекшеліктері / М.А. Дерхо, Б.К. Балабаев // Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «3І: intellect, іdea, іnnovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналы. – 2021. – №2. – 13-20 б.
- Derkho M.A., Baltabekova, A.Zh., Balabaev, B.K., Derkho A.O. (2021). Biochemical Blood Profile of the Kazakh White-Headed Breed Depending on Age. International Transaction Journal of Engineering, Management, & Applied Sciences & Technologies, 12(12), 12A12K, 1-11. http://doi.org/10.14456/ITJEMAST.2021.242.
- Derkho M.A., Balabaev, B.K., Baltabekova, A.Zh., Sereda, T.I., Eliseenkova, M.V. (2022). Assessment of the Influence of Age and Lactation Period on the Variability of Blood Biochemical Composition of Kazakh Whitehead Cows. International Transaction Journal of Engineering, Management, & Applied Sciences & Technologies, 13(3), 13A3F, 1-12. http://TUENGR.COM/V13/13A3F.pdf DOI:10.14456/ITJEMAST.2022.48.
- Балабаев Б.К. Енесінен бөлгеннен кейінгі кезеңде қазақ ақбас тұқымының ремонттық баспақтары және бұқашықтарындағы қанның ферменттік құрамына жасының әсері / Б.К. Балабаев, Кобжасаров Т.Ж., Ергазина А.М., Мурзакаева Г.К. // Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «3І: intellect, іdea, іnnovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналы. – 2025. – №2. – 88-94 б.
